”Бір ел - бір кітап” акциясы аясында Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқу мақсатында “Балалар әдебиетінің бәйтерегі” тақырыбында облыстық кітап оқу байқауы өтті. Байқауға Индер, Махамбет, Қызылқоға, Мақат, Атырау, Жылыой аудандарынан оқушылар қатысты. Жылыой ауданынан N21 жалпы орта білім беретін мектептің 7 сынып оқушысы Нұртаева Балнұр қатысып, “Алғыс хатпен” марапатталды. Мақсаты: жас ұрпақты кітап оқуға, оның құндылығын қорғауға, шығармашылық әлеуетін ашуға ұмтылдыру, ақпараттық және мәдени қызығушылығын, азаматтық және патриоттық сезімдерін қалыптастыру.












