АТА - АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың қараша айында 1 “А” сыныбында Қопашева Ақмарал Жалғасқызының ұйымдастыруымен “Баланың бас ұстазы - ата - анасы” тақырыбында ата - аналар жиналысы өткізілді.
Мақсаты:
Баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым - қатынас жасау дағдыларын ұлттық мәдениет негізінде дамыту әдістерін қалыптастыру, олардың психоэмоционалдық жағдайын бақылау және назардың тиімділігіне әсер ететін әдіс - тәсілдер туралы ақпарат беру.












