№21 жалпы орта білім беретін мектепте "Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығы" бағдарламасына сәйкес 1 "б" сынып жетекшісі Алдоңғарова Ақмарал "Баланың бас ұстазы - ата - анасы" тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: ата - аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана - сезім, өзін - өзі және қарым - қатынасты реттеу дағдыларын дамыту.
Сабақ барысы: ата - аналар топқа бөлініп, бір - бірімен танысу үшін тренинг ұйымдастырылды. Ары қарай сынып жетекшінің ықпалымен түрлі сұрақтар қойылып, ата-аналар постер қорғады. Сабақ соңы “Ватсап” әдісі арқылы қорытындыланды.












