АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың қараша айында 1 “А” сыныбында Қопашева Ақмарал Жалғасқызының ұйымдастыруымен “Баланың бас ұстазы-ата-анасы” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мақсаты:
Баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым-қатынас жасау дағдыларын ұлттық мәдениет негізінде дамыту әдістерін қалыптастыру, олардың психоэмоционалдық жағдайын бақылау және назардың тиімділігіне әсер ететін әдіс-тәсілдер туралы ақпарат беру.












