№21 жалпы орта білім беретін мектепте "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" бағдарламасына сәйкес 1 "б" сынып жетекшісі Алдоңғарова Ақмарал "Баланың бас ұстазы-ата-анасы" тақырыбында сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі және қарым-қатынасты реттеу дағдыларын дамыту. Сабақ барысы: ата-аналар топқа бөлініп, бір-бірімен танысу үшін тренинг ұйымдастырылды. Ары қарай сынып жетекшінің ықпалымен түрлі сұрақтар қойылып, ата-аналар постер қорғады. Сабақ соңы “Ватсап” әдісі арқылы қорытындыланды.