АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 16.11.2024 күні 8 “Б” сыныбында Бекеева Махаббат Қалбайқызының ұйымдастыруымен “Баланың бас ұстазы-ата-анасы” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мақсаты:
Баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым-қатынас жасау дағдыларын ұлттық мәдениет негізінде дамыту әдістерін қалыптастыру, олардың психоэмоционалдық жағдайын бақылау және назардың тиімділігіне әсер ететін әдіс-тәсілдер туралы ақпарат беру.












