АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ №21 жалпы орта білім беретін мектептің 7 “А” сыныбында “Ата-аналарды педагогикалық қолдау” орталығынның бағдарламасы аясында “Баланың бас ұстазы ата-ана” тақырыбында сабақ өткізілді. Мақсаты: Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп сапалы, саналы, білімді, тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сабақ барысында “Қайық” әдісі арқылы ата-аналардың ұйымшылдығын байқау үшін сергіту жаттығуы жасалып, “Баланың негізгі жас дағдарыстары” слайдпен көрсетіліп, “Жасөспірімнің оқиғасы” кейсімен таныстырылды. Оқиға желісінен сұрақтар беріліп, талқыланды. Сонымен қатар ата-аналарға бала тәрбиесінің ата-ана қолында екенін түсіндіру мақсатында тренинг өткізілді. Сабақ қорытындысы “Рефлексия”арқылы аяқталды. Сабақты жүргізген сынып жетекші: Исанкулова Марина @jylyoi_audany_bilim_bolimi












