“Логикалық білімдерін дамыту”
15 қараша күні 4 сынып бірлестігінің «Логикалық білімдерін дамыту» тақырыбында жабылуы өтті. Апталық барысында жоспар бойынша барлық жұмыстар өткізілді. Апталықтың соңғы күні оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтауға бағытталды. Әр сыныптан әртүрлі өнерлер көрсетілді. 4 «В» және «Б» сынып оқушылары Бірәли мен Ақмаржан жүргізуші болса, 4 «А» сынып оқушысы Буркитова Айым «Әке» туралы ән шырқап, Сексенбай Сабина мен Болат Альмина «Нағашы» әнін нақышына келтіріп орындады. Бір топ биші қыздары «Гүлдәурен» биын билесе, Айтуар Аян «Нар ағашы» күйін орындап шықты. Серік Раиля «Туған жер» әнін шырқап керемет көңіл күй сыйлады. 4 «Ә» сыныбынан Есболатұлы Асылмұра «Асыл сөз» термесін орындаса, Жәдігерқызы Зере жетіген аспабында күй орындап шықты. 4 «Б» сыныбынан Серікбай Малика мен Қанатқызы Айзере «Ұстазым» әнін орындады. 4 «В» сыныбынан Сабырбай Сырғалым мен Асқатқызы Мадина заманауи би биледі. 4 «Г» сыныбынан Нұрболатқызы Ұлболсын «Асылым» биін билеп тамаша көңіл күй сыйлады.












