”Логикалық білімдерін дамыту”
N21 жалпы орта білім беретін мектепте 13 қараша күні жоспарға сай 4 - сынып оқушыларымен «Миллион кімге бұйырады?» атты жеке сайыс өткізілді.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың білімді, зерек екенін көрсету.
Сайысқа әр сыныптан 1 оқушыдан қатыстырылды. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Әр айналымда әр оқушы шапшаңдық танытып, өз білімдерін көрсете отырып, ұпай жинап отырды. Сайыс нәтижесінде 4 «А» сыныбындағы Асқанбай Марлен 1 - орын, 4 «Б» сыныбындағы Асан Ақмаржан, 4 «В» сыныбындағы Балмұрат Әскер 2 - орын, 4 «Г”сыныбындағы Нұрболұлы Нұралисұлтан 3 орын, 4 «Ә» сыныбындағы Бауыржан Мейірбек, 4 «Е» сыныбындағы Айжан 3 - орын иеленді.
Оқушылар белсене қатысып, жеңімпаз оқушылар жүлделі дипломдармен марапатталды.
Өткізген: Уразгалиева И.Ж.