”Логикалық білімдерін дамыту”
N21 жалпы орта білім беретін мектепте 12 қараша күні жоспарға сай 4 - сынып оқушыларымен «Білгір логик» атты топтық сайыс өткізілді.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін ұштайтын логикалық ойлау тапсырмаларын орындата отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Логикалық тапсырмаларды орындау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сайысқа әр сыныптан 4 оқушыдан 5 топ қатыстырылды. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. 1 - кезең «Таныстыру» әр топ өз топтарының атауы мен ұранын айтады. 2 - кезең «Кім жылдам?» сұраққа жылдам жауап беру. 3 - кезең «Қызықты қазақ тілі әлемі» қазақ тілі пәні бойынша логикалық тапсырмалар. 4 - кезең «Тапқыр математик» математика пәні бойынша логикалық тапсырмаларды орындау. 5 - кезең «Жаратылыстану ғажайыптары» жаратылыстану пәні бойынша анаграмма. 6 - кезең Қорытынды.
Әр кезеңде топ оқушылары шапшаңдық танытып, өз топтарына ұпай жинап отырды. Сайыс нәтижесінде 4 «В» сыныбы шапшаңдығымен басып озып 1 - орын, 4 «Ә», 4 «Г» сыныптары 2 - орын, 4 «А», 4 «Б» сыныптары 3 - орын иеленді.
Оқушылар белсене қатысып, жеңімпаз топтар жүлделі дипломдармен марапатталды.
Өткізген: Тажигалиева Б.С.












