28.02. күні «Функционалдық сауаттылық-заман талабы» тақырыбында Шадирова Рауза, Дүйсенбекова Гүлзада мұғалімдерге коучинг өткізді. Коучингтің мақсаты мұғалімдердің үздіксіз кәсіби өсуіне қолдау көрсету және оқу сауаттылығын дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдердермен бөлісу. Коучингке мектеп мұғалімдері қатысты. 3Д көбелектері арқылы топқа бөлініп, ширату ойынымен жалғасты. Әр топқа «Роботтар әлемі» мәтіні берілді. ПОПС» және «5КАДР» әдістері арқылы мәтінді талдап, әр топ жұмыстарын қорғады. Мұғалімдерге сергіту мақсатында «Логика қайда?» ойыны көрсетілді. «Буриме» әдісі арқылы топтарға өлең жолдары беріліп, әр топ өз әуендерімен айтты. Коучинг соңында Mentimeter.com сайты арқылы кері байланыс жасалып, мұғалімдер өз ұсыныстарын айтты.