27 ақпан күні 2 «Б» сыныбында әдебиеттік оқу пәні бойынша “Қошақаны қойдың” тақырыбында Шадирова Рауза ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты мақал-мәтел мен жұмбақ туралы ақпарат беру. Төрт түлік малы туралы түсінік қалыптастыру. Сабақ мақсатқа сай құрылған, жаңа тақырып бойынша толық ақпарат берілді. Сабақтың жүру барысында жұппен, топпен,оқулықпен жұмыстар жүргізілді. Қазақтың ұлттық құндылықтары да кірістірілген. Сергіту сәтіндегі “Асық ату” ойыны және “Мақалдың жалғасын тап” ойыны оқушылардың белсенділігін арттырды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. 2 “Б” сыныбында өткен сабақ мақсатқа жеткен сабақ деп есептелді.












